Көкжөтел: ата-аналар нені білуі керек
Көкжөтел — бұл Bordetella pertussis бактериясы қоздыратын тыныс алу жолдарының жедел жұқпалы ауруы. Ауру бірнеше аптаға, тіпті айларға созылуы мүмкін ұстамалы жөтелмен сипатталады. Көкжөтел әсіресе өмірінің бірінші жылындағы балалар үшін өте қауіпті, себебі тыныс алудың тоқтап қалуымен және басқа да ауыр асқынулармен қатар жүруі мүмкін.
Инфекцияның негізгі көзі — ауру адам. Ауру жөтелгенде, түшкіргенде және тығыз қарым-қатынас кезінде ауа-тамшылары арқылы жұғады. Көкжөтел өте жұқпалы болғандықтан, инфекция отбасында және балалар ұжымында тез таралуы мүмкін.
Көкжөтелді қалай тануға болады?
Ауру көбінесе біртіндеп басталады және алғашқы кезеңдерінде әдеттегі суық тиюге ұқсауы мүмкін.
Көкжөтелдің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
Емшектегі балаларда көкжөтел ерекше өтуі мүмкін: тән жөтелсіз, бірақ тыныс алудың уақытша тоқтап қалу (апноэ) эпизодтарымен. Сондықтан, айқын белгілер болмаған күннің өзінде ауруды өз бетінше жоққа шығаруға болмайды.
Балада ұзақ немесе ұстамалы жөтел пайда болған жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну қажет. Өз бетінше емделуге және дәрі-дәрмектерді өздігінен тағайындауға болмайды.
Көкжөтел несімен қауіпті?
Көкжөтел, әсіресе сәбилер мен ерте жастағы балаларда, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Оларға өкпенің қабынуы (пневмония), тыныс алудың тоқтап қалуы, құрысулар (судороги) және ауыр жағдайларда жүйке жүйесінің зақымдануы жатады.
Егер балада тыныс алудың тоқтауы, еріннің немесе беттің көгеруі, тыныс алудың айқын қиындауы, құрысулар немесе жағдайдың күрт нашарлауы байқалса, дереккіз жедел медициналық көмек (жедел жәрдем) шақыру қажет.
Баланы көкжөтелден қалай қорғауға болады?
Көкжөтелдің алдын алудың ең тиімді әдісі — вакцинация (екпе егу).
Жоспарлы вакцинация Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Екпелер аурудың жұғу қаупін азайтуға, ең бастысы, инфекцияның ауыр өтуі мен асқынулардың дамуын болдырмауға көмектеседі.
Ата-аналарға келесі әрекеттерді орындау қажет:
Аурумен ауырып жазылу және бұрын жасалған вакцинация инфекциядан өмір бойына қорғанысты қамтамасыз ете бермейтінін есте сақтаған жөн. Сондықтан ұсынылған екпе егу кестесін сақтаудың маңызы зор.
Отбасында көкжөтел анықталса не істеу керек?
Көкжөтелге күдік туындаған жағдайда медициналық көмекке жүгіну және медицина қызметкерінің ұсыныстарын орындау қажет.
Диагноз нақтыланып, әрі қарайғы тактика анықталғанға дейін ауру адамның басқа адамдармен, әсіресе сәбилермен, жүкті әйелдермен және толық вакцинацияланбаған адамдармен қарым-қатынасын шектеу керек.
Егер бала көкжөтелмен ауыратын адаммен байланыста болса, тіпті ауру белгілері болмаса да, бұл туралы дәрігерге хабарлау қажет. Медицина маманы жұқтыру қаупін бағалап, қажет болған жағдайда алдын алу шараларын тағайындайды.
Тағайындалған емді өз бетінше тоқтатуға, ауру баламен балабақшаға немесе мектепке баруға, сондай-ақ дәрігердің нұсқауысыз антибиотиктер қабылдауға болмайды.
Құрметті ата-аналар!
Көкжөтел — бұл жай ғана суық тию емес, ауыр салдарға әкеп соқтыруы мүмкін жұқпалы ауру. Баланың денсаулығына мұқият қарау, медициналық көмекке уақытылы жүгіну және Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесін сақтау балаларды қауіпті инфекциядан қорғауға көмектеседі.
Балаларыңыздың денсаулығын сақтаңыздар! Уақытылы вакцинациялау және жұқпалы аурулардың алдын алуға жауапкершілікпен қарау — әрбір баланың денсаулығына қосылған маңызды үлес.
Медбике:Красильникова О .И.